6 Мамыр, 21:38

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

7 мамыр күні еліміз дәстүрлі түрде Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Бұл мерекеніңтарихы – 1992 жылы ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылуынан басталады.

Ал, 2012 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер қабылданып, соған сәйкес 7 мамыр мемлекеттік мереке статусына ие болды. Бұл күні Қарулы күштердің ардагерлері мен ел егемендігінің тұтастығын күзететін барлық әскери қызметші құрметке ие болады.

7 Мамыр – ардагерлерден бастап жас сарбаздарға дейін, ұлдарын әскерге шығарып салатын аналардан бастап, бейбітшілік бағасын әлі түсінбейтін балаларға дейін біріктіретін мереке. Бұл күні бүкіл ел бойынша салтанатты ішаралар өтіп, әскери қызметшілер мен ардагерлер құрметке бөленеді жауапкершілікті, қызмет ету мен отансүйгіштікті талап етеді.

Бүгінде Қазақстынның айбынды армиясы халықаралық аренада өзіндік беделін қалыптастырды. Жетістіктерін әлем ойындады. Мысалы, Global Firepowerдің соңғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әскері әлемдегі ең мықты 145 армияның ішінде 57-орынға ие болды. Орта Азиядағы үздік нәтиже!

Бұдан бөлек, ҚР Қарулы күштерінің қызметшілері халықаралық жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізе отырып, жауынгерлік даярлықтың, физикалық төзімділік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін үнемі айқындапотырады.

Қазақ әскері бейбіт уақытта да тұрғындарғаүнемі көмекке келеді. 2024 жылы жойқын су тасқыны кезінде 9 өңірде 6 мыңнан аса әскери қызметші құтқару жұмыстарына тартылды. Соның нәтижесінде 5,5 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Бөлісу: