«7-20-25» бағдарламасына өзгерістер енгізілді
10.10.2025 11:40
Фото:
El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлады, дейді El.kz интернет порталы.
Жаңартылған қаулыға сәйкес, тұрғын үйдің ең жоғары құны бекітілді:
- Астана, Алматы, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында – бұрынғы 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін;
- Қарағанды қаласы үшін – 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін;
- Басқа өңірлер үшін – 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайды.
Сонымен қатар, енді қарыз алушылар төлем қабілеттілігін растау үшін тең қарыз алушылармен қатар кепілгерді де тарту мүмкіндігіне ие болды.
Бұл өзгерістер ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттырып, азаматтарға тұрғын үй алу шарттарын жеңілдету мақсатында енгізілді. Бағдарламаның басқа параметрлері мен талаптары өзгеріссіз қалды.
«7-20-25» бағдарламасы арқылы несие беретін банктер:
- Halyk Bank
- Банк ЦентрКредит
- Freedom Bank
- РБК, ForteBank
- Altyn Bank және Еуразиялық банк.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

