Жаңалықтар

62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды – СІМ

62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды – СІМ
Фото: El.kz 10.03.2023 12:29 1043

Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президентінің биылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

"ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады. Сонымен бірге шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға