6 баласы бар келіншек желі қолданушыларын таңғалдырды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Күміс алқасы бар Гауһар Чукушева желі қолданушыларын таңғалдырды. Тоқсандағы енесімен түрлі тағам әзірлеп жүрген келіннің сұлулығына желідегі жұрт тамсанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гауһар Чукушеваның 3 ұл, 3 қызы бар. Үлкен қызының жасы - 21-де, ең кенже баласы - 5 жаста.
Жас болудың құпиясын айтсам, біріншіден, енемнің жайлы болғаны. Сосын жолдасымның маған деген көзқарасы өте тамаша, - дейді Гауһар Чукушева.
Желі қолданушылары «күйеуі азамат екен», «алтын ене», «бақытты әйелдерді де көрейікші осылай» деп пікір қалдырып жатыр.

