5 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 5 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды El.kz.
Белсенді Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз Павлодар облысының оңтүстігі, шығысында, Шығыс Қазақстан облысынң солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай, шаңды дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел 2-7, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы болады.