500 млрд доллар: Илон Маск байлық жағынан тағы рекорд орнатты
Америкалық кәсіпкер Илон Маск кезекті межеден өтіп, тарихта алғаш рет 500 миллиард долларлық байлығы бар адам атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Forbes Real-Time Billionaires дерегінше, рекордтық көрсеткіш Астана уақытымен 2 қазанға қараған түні сағат 00:30-да тіркелген.
Сауда қорытындысы бойынша Tesla акциялары шамамен 4%-ға қымбаттап, Масктің дәулеті 9,3 миллиард долларға артты. Электромобиль өндірушісінің акциялары сәуір айында Маск Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің (DOGE) кураторы қызметінен кетіп, бар уақытын Tesla-ға арнайтынын жариялағалы бері екі есе қымбаттаған.
Дегенмен кейінірек Forbes индексіндегі көрсеткіш сәл төмендеп, Баку уақытымен 01:10-дағы жағдай бойынша Масктың байлығы 499,5 миллиард доллар деп бағаланды.

