Жаңалықтар

500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қайтарылды

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді
500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қайтарылды
Фото: ulysmedia.kz 03.09.2022 10:50 1391

2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі орта білім беру сапасы болып табылатынын атап өтті. Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек» - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі.

2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға