Жаңалықтар

500-ден астам студент «WorldSkills Kazakhstan 2022» жарысына қатысып жатыр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
500-ден астам студент «WorldSkills Kazakhstan 2022» жарысына қатысып жатыр
Фото: gov.kz 09.12.2022 16:46 2011

500-ден астам колледж студенті «WorldSkills-2022» әлем чемпионатына жолдама алу үшін бағын сынап жатыр. Конкурс алаңына министр Асхат Аймағамбетов барды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстандық колледждердің 500-ден астам студенті «WorldSkills-2022» әлем чемпионатына жолдама алу үшін өз дағдыларын көрсетіп жатыр. Қатысушылардың конкурс алаңына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов барды
 
Министр студенттердің шаштараз, аспаз, мехатроника, сырлау-сәндеу бағыты, сылау жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу технологиялары және т.б. бағыттар бойынша жұмыстарымен танысты.
 
Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов жұмыс берушілермен және колледж басшыларымен берілген академиялық еркіндік, дуалды оқыту және т.б. жобалардың артықшылықтарын талқылады.
 
«Чемпионаттың өңірлік кезеңінен өткен үздік студенттер елордаға жиналып, өз шеберліктерін танытуда. WorldSkills - бұл кадрларды даярлаудың әлемдік стандарттары, олар біздің білім беру бағдарламаларымызға белсенді енгізіліп келеді. Президент біздің алдымызға жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек адамын қолдау міндетін қойып отыр. Біз өткізетін чемпионат - бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау шараларының бірі. Сондай-ақ, біз елімізді халықаралық деңгейде де танытып жатырмыз, біздің колледж студенттері үздік-15 мемлекеттің қатарына кіреді. Министрлік 2025 жылға дейін қажетті кәсіптер бойынша 100% тегін техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға