Жаңалықтар

50 жастағы қазақстандық әйелді шетелде зорлап кетті

50 жастағы қазақстандық әйелді шетелде зорлап кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 17.07.2024 13:07 11242

Үндістандағы жеке клиникада 25 жастағы санитар Қазақстаннан барған 50 жастағы әйелге сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.

Үндістанның Гургаон қаласының аудандық прокуратурасы аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Раджастханның Тиджара қаласынан шыққан Такур Сингх есімді айыпталушы ауруханада санитар болып жұмыс істеген. Полицияның мәліметінше, қазақстандық науқас 12 шілдеде қызымен бірге Үндістанға келген. Жексенбіде әйелге операция жасалғаннан кейін, палатаға ауыстырылған. Такур жөргекті ауыстыру кезінде әйелге қол жүгірткен болуы мүмкін.

Бірақ сол күні айыпталушы оған бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы әйел қызына мәлімдеген. Оқиға орнына полиция шақырылған.

Науқастың қызы берген шағым негізінде сол күні зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 шілдеде санитар Такур Сингх қамауға алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға