«50 млн теңге, 3 бөлмелі пәтер». Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
Фото: instagram.com/smagulovkaz
Фото: instagram.com/smagulovkaz
28.08.2024 14:18
1013
Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жеңіс» дзюдо клубының өкілдері Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы табыс етті. Бұл туралы Жансай Смағұлов әлеуметтік желіде жария етті. 60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметовке 50 млн, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 10 млн теңгенің сертификаты табысталған.
Сонымен қатар, Парижде қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаевқа (66 кг) 15 млн теңге сыйақы берілген.
Бұдан бөлек ұлттық құрама мүшесі Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі пәтер, тағы бір дзюдошы Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда емхана басшылығы 231,8 млн теңге жымқырған