Жаңалықтар

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 8 жыл толады

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 8 жыл толады
01.08.2019 10:49 6287

Қазақстан халқы Ассамблеясы 5 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген күніне (2011 жылғы 5 тамыз) арналған «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді.

Барлық өңірлердегі ҚХА Достық үйлері негізінде сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін Ассамблеяның дәстүрлі жыл сайынғы «Медиация кабинеттерінің ашық есік күні» акциясы өтеді. Ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шаралар барысында медиаторлар қызығушылық танытқан барлық азаматтарға кеңестер береді және өтеусіз негізде медиативтік келісімдер (қажет болған жағдайда) жасайды (байланыс деректері қоса беріледі)

Акция соттардың, прокуратураның, әділет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам қайраткерлерінің, кәсіби медиация орталықтары өкілдерінің және т.б. қатысуымен ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелері медиацияны дамыту мәселелері бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізуі көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға