pixabay.com

5 тамыз – Жер тарихындағы ең қысқа күн болады

05.08.2025 14:48

2025 жылғы 5 тамызда Жер планетасы өз осінен бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен айналып шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Ғалымдардың айтуынша, Айдың гравитациялық әсері Жердің айналу жылдамдығын арттырып, тәуліктің ұзақтығын 1,25 миллисекундқа қысқартпақ. Адам ағзасы бұл өзгерісті сезбегенімен, мамандар оның ұзақмерзімді салдары өте қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.

Айналу жылдамдығының артуы мұхит суларын қайта таратып, оларды полюстерден экваторға қарай ығыстыруы ықтимал. Жылдамдық тіпті 1,61 км/сағ-қа (1 миль/сағ) артқан жағдайда да экватор аймағында теңіз деңгейі көтеріліп, жағалауда орналасқан қалаларға су басу қаупі төнеді.

Ал егер Жердің айналу жылдамдығы 160,9 км/сағ-қа (100 миль/сағ) дейін артса, экватор маңындағы аумақтар толығымен су астында қалуы мүмкін. Ғалымдар бұндай жағдай адам ағзасындағы циркадты ырғақтарға да кері әсер ететінін айтады. Егер тәуліктің ұзақтығы 22 сағатқа дейін қысқарса, биологиялық сағат бұзылып, ағза бейімделе алмауы ықтимал.

Зерттеулер көрсеткендей, тек жазғы уақытқа көшу сияқты бір сағаттық уақыт ауысуының өзі жүрек талмасының және жол-көлік апаттарының көбеюіне әсер етеді. Ал Жердің айналу ырғағының тұрақты өзгерісі адам денсаулығы мен өмір сүру салтына әлдеқайда күрделі қауіп төндіруі мүмкін.