Жаңалықтар

5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін несие алудың қажеті жоқ - Дәулет Мұқаев

5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін несие алудың қажеті жоқ - Дәулет Мұқаев
Фото: instagram/daulet_mukayev 21.11.2023 12:08 1414

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев той жасап шығынданғанша, жастарға баспана сыйлау дұрыс деп есептейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің айтуынша, той жасаймын деп екі жастың ата-аналары несие алып жатады.

Мысалы, той жасау үшін жігіт жақтан 3 млн кетеді, қыз жақтан 3 млн кетеді. 6 млн ақша үйдің бастапқы жарнасына жетеді. Әрине, ойлану керек. Шамаңыз жетсе, тойды стадионда жасаңыз, шамаңыз жетсе, мың адам шақырып, үлкен ресторанда жасаңыз. Бірақ, ұят болады деп, ұяттан аса алмай жүрген қаншама жастарымыз ажырасып жатыр. Сондықтан, әр адам өзінің көрпесіне қарай көсілсе екен деймін, - дейді Дәулет Мұқаев.

Депутаттың баспанаға бағыт беріп жүргеніне бес жылдай уақыт болған.

Жина деп айтып келем. 2018 жылдан бері баспанаға бағыт беріп жүрмін. Жинап жүрген адам ешқашан өкінбейді. Ал енді жинамаған адам процент жағынан опық жеп, банкты байытады. Әр адам өзінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдаланып, 5 мың болса да жинап үйренуі керек, - дейді депутат "Оян" бағдарламасында.

Айта кетейік, Дәулет Мұқаев  халыққа қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес бергенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға