Жаңалықтар

5 қазан - Ұстаздар күні

5 қазан - Ұстаздар күні
Фото: © El.kz 05.10.2024 09:00 109

Бүгін 5 қазан - елімізде Ұстазар күні атап өтіледі. Әлемнің 100-ден астам елі айтулы кәсіби мереке тойланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Оның 399 247-сі мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді. 

Ұстаздардың 323 мыңы әйел педагог болса, 75 мыңы - ер адам. Бұл республикадағы жалпы ұстаздардың 19 пайызын құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, педагогтардың басым бөлігі 10 мен 20 жылға дейінгі аралықта еңбек етіп жүргендер.

Еске салсақ, былтыр Үкімет қаулысыме Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі 5 қазан деп белгіленді. Оған дейін Ұстаздар күн қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтілетін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға