5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
EL.KZ Информационно-познавательный портал
05.11.2022 09:21
Фото:
egemen.kz
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 5 қарашада Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды El.kz
Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында мол қар түседі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

