Жаңалықтар

«5-қабаттан лақтырмақ болды». Қауіпті ойын ойнаған балалардың ата-аналары жазаланды

«5-қабаттан лақтырмақ болды». Қауіпті ойын ойнаған балалардың ата-аналары жазаланды
Фото: pixabay.com 19.09.2024 16:48 506

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында жеті жасар баланы 5-қабаттан лақтырмақ болған оқушылардың ата-анасына қатысты істер қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінде бірге тұратын бес кәмелетке толмаған бала «Суицидник» қауіпті ойынын ойнау үшін 7 жасар баланы құрбан ретінде пайдаланған. Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріп, баспалдақ алаңында ұстап тұрған.

Сот кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, балаларын тұрмыста, қоғамдық орындарда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық ережелеріне үйретпегені үшін кінәлі деп танып, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға