Жаңалықтар

"5 мың теңгеге костюм алдық". Жігіттер тобы ең алғаш рет сахнаға киген киімдері туралы айтты

"5 мың теңгеге костюм алдық". Жігіттер тобы ең алғаш рет сахнаға киген киімдері туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден 20.05.2023 18:30 1802

Екімыңыншы жылдардың басында сахнаға шыға бастаған "Жігіттер" тобының құрылғанына биыл 20 жылдың жүзі толып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Топ мүшелері "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ең алғаш сахнаға киіп шыққан костюмін 5000 теңгеге алғанын жасырмай мойындады. 

"Топ басталғанда киімге қатты жарымадық. Қара костюм 5000 теңгеден алынды. Төрт костюм-шалбар алдық. Ең алғаш университеттің атынан республикалық байқауға Атырауға барған едік. Сол кезде біздің киіп шығатын костюміміз КВН ойыншыларыныкі еді. "Аманатқа қиянат жасамай, әкеліп береміз" дедік. Бірақ, Еркін (Нұржанов - ред.) шалбарын үтікпен күйдіріп тастады. Сол қиянат болып қалды. Басталғанда киімге жарыған жоқпыз. Киетін киім жоқ. Әбдіхан (Нұрмаханбетов - ред.) ағайымыздың конкурсқа киген киімдері бар екен. Төртеуімізге бір-бір көйлек берді. Сол кісінің көйлектерін киіп шықтық", - деп еске алды Бағлан Әбдірайымов.

Кейін топ өз әндерімен көрермен көңілінен шығып, көгілдір экран беттерінен жиі көріне бастады. Сол уақытта олардың тыңдарманы көбейіп, көпшіліктің сүйікті әншілеріне айналып үлгерген еді. Алайда, топ мүшесі Еркін Нұржанов бөлек кетіп, оның орнын басқа әнші толықтырған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға