Жаңалықтар

-5 градус аяз: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

-5 градус аяз: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ©Pixabay.com 14.04.2025 17:06 690

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр, найзағай болжанады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 15 сәуірде Ақмола облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы облыстарында және Жетісу облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.

15-17 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуірде Атырау, Ақмола, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облыстарында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болады деп болжануда.

Күндіз температуралық фон:

Елдің батысында 15-20-дан 17-23-ке дейін жылу көтеріледі.

Оңтүстік-батыста негізгі фон 15-25 жылы.

Солтүстік-батыста 8-16-дан 12-20-ға дейін көтеріледі, 17 сәуірде аймақтың солтүстігінде 5-10-ға дейін төмендейді.

Солтүстікте жылу 7-15-тен 0-10-ға дейін төмендейді.

Орталықта 10-18-ден 13-21-ге дейін көтеріледі.

Шығыста 9-18-ден 10-20-ға дейін жылу көтеріледі.

Оңтүстікте 15-23-тен 17-25-ке дейінкөтеріледі.

Оңтүстік-шығыста 17-23-тен 13-20-ға дейін жылы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға