Жаңалықтар

«45 мың қол жиналды». Вице-премьер бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты

«45 мың қол жиналды». Вице-премьер бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты
Фото: El.kz/Арман Мухатов 05.06.2024 14:24 925

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастыратын боламыз, - деді Жұманғарин.

БАҚ өкілі «уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?» деп нақтылады. 

Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп түсіндірді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға 45 мыңнан астам қол жиналды. 50 мың дауыс жиналса, Үкімет петицияны қарауы керек. 

2024 жылдың 22 сәуірінде мемлекеттік Epetition.kz сайтында «уақыт белдеуін қайтару» туралы петиция пайда болды. 1,5 айда оған 45 644 адам қол қойған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға