Жаңалықтар

43°С градусқа дейінгі аптап ыстық болады - Қазгидромет

43°С градусқа дейінгі аптап ыстық болады - Қазгидромет
Фото: pixabay.com 27.06.2024 06:29 1339

27-28 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Таяу күндері ел аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, қатты жел соғады.

Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында  +40+43°С градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға