"40 млн доллар ұсынды". Хабиб Нурмагомедов UFC-ге орала ма?
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC / Contributor / UFC / Gettyimages.ru
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC / Contributor / UFC / Gettyimages.ru
10.11.2023 18:31
965
UFC-дегі танымал ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов карьерасын қайта жалғастыру туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даниэль Кормьемен әңгімелесу кезінде Хабиб UFC промоушеніне оралу үшін оған қомақты қаржы ұсынылғанын да айтты.
Әлемдегі ең мықты жауынгер болсаң, ақшаң мен танымалдылығың да жеткілікті болса, мұның бәрі «жоқ» деп айту өте қиын. 20, 30, 40 миллион долларға жоқ деп айту оңай емес. Бірақ мен үшін мұның бәрі маңызды емес. Қиын болса да, қабылданған шешімімді өзгерткім келмейді. Бұл менің шешімім және ол туралы ешқашан өкінген емеспін. Ешқашан, - деді Нурмагомедов MMA Mania-ға берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Хабиб өзінің UFC-дегі соңғы айқасын 2020 жылғы күзде өткізіп, октагоннан жеңіліссіз кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Келесі жаңалық
Сарбаздарға ҰБТ-сыз оқуға түсу сертификаты табысталды