Жаңалықтар

4 қыркүйекте елімізде үсік жүреді

4 қыркүйекте елімізде үсік жүреді
Фото: ©El.kz 04.09.2024 05:38 368

Қазгидромет 4 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға