Жаңалықтар

4 өңірдегі республикалық маңызы бар 11 трасса жабылды

4 өңірдегі республикалық маңызы бар 11 трасса жабылды
Фото: t.me/qazavtojol 10.11.2024 19:00 639

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 4 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы:
10 қараша сағат 18:30-да Павлодар облысында Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Омбы-Майқапшағай" автожолының 427-587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы - Абай облысының шекарасы) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы:
10 қараша сағат 19:00-де СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысы:
0 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Абай облысы:

10 қарашада сағат 17:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Омбы-Майқапшағай” автожолының 910-1002 шақырым аралығында  (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады

Жабылған жолдарды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Осы ретте ТЖМ дауылды ескертулер мен ауа-райының нашарлауы кезінде төмендегі ескертулерді назарға алуды сұрайды:
- алыс сапарлардан аулақ болу;
- ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту; 
- елдімекендерден тыс жерлерге шықпау;
- жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау; 
- мүмкін болса, елдімекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға