Жаңалықтар

4 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

4 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 15.03.2024 00:41 557

14 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 12 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысында - жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 7 автожол (қар, шектеулі көрініс)
1. "Алма-Тау турбазасына кіреберіс". (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
2. "Алматы-Шелек-Қорғас" -Байсерке кенті-Шонжы айрығы.
3. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс кенті-Жамбыл обл.шекарасы
4. "Алматы-Өскемен" - Эко.пост-Қонаев қ.
5. "Екатеринбург - Алматы" -Күрті ауылы-Шамалған кенті.
6. "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" - Шелек ауылы-Шонжы ауылы.
7. "Көкпек-Кеген-Түп" -Аласа асуы-Кеген ауылы.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол. (қар көшкіні қаупі)
1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Ушановскок ауылы - Алтай қ.(барлық көлік түрлері үшін)

Жамбыл облысы-жалпы ұзындығы 150 шақырым болатын 2 автожол.
(Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Алматы обл.шекарасы-Қордай ауылы.
2. "Алматы-Ташкент-Термез" -Кенен ауылы-Қайнар ауылы.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 210 шақырымды құрайтын 2 автожол.
(қар, боран, шектеулі көрініс)
1. "Алматы-Өскемен" -Қонаев қ.-Талдықорған қ.
2. "Сарыөзек-Көктал" -Алтын Емел асуы (мердігер"РСУ-1" ЖШС).
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 352 бірлік техника және 372 жолшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға