Жаңалықтар

4 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтеді

4 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтеді
06.05.2023 06:30 755

Қазірге дейін 1 мыңнан астам педагог оқытылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында қосымша білім беру педагогтері, үйірме жетекшілері, тәлімгерлер, пікірталас қозғалысы мен өзін-өзі басқару үйлестірушілері үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. 

Біліктілікті арттыру курстары педагогтерге дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдана отырып, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Курс балалар мен мектептен тыс ұйымдардың нақты сұраныстарына бағытталған. Бүгінгі таңда 1000-нан астам педагог оқытылды. Биыл 4 мыңға жуық педагог қамтылады. Қосымша білім беру педагогтері туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ғылыми-техникалық, музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағыттар бойынша өз біліктіліктерін шыңдайды, – дейді орталық директоры Раиса Шер. 

Оқытушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы edu.ziyatker.org платформасы жұмыс істейді, тест тапсырмалары мен барлық дәріс материалдары платформада жүктеледі. Әрбір оқытушы жүйеге кіріп, оқу жетістіктерін өздері бақылай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға