4 млрд долларлық келісімшарт: Трамп Тоқаевты құттықтады
АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты америкалық компаниямен 4 млрд долларлық келісімшартқа қол қоюымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Трамп Truth Social желі парақшасында жазды. Ол өз жазбасында жасалған мәмілеге қуанышын білдірді.
Мен қазір ғана Қазақстанның құрметті Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тамаша әңгімемді аяқтадым. Олар АҚШ-та өндірілген локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып алуға қатысты тарихтағы ең ірі – 4 миллиард долларлық келісімге қол қойды. Біз бірнеше жыл бойы жалған экологтардың шабуылына ұшырап келген америкалық теміржол саласын қолдауымыз қажет. Президент Тоқаевты осы тамаша сатып алуымен құттықтаймын. Бұл ел де, бүкіл әлем де сенімді әрі әдемі теміржолдардың негізінде салынған. Енді олар қайта оралады, әрі жылдам!,-делінген жазбада.

