Жаңалықтар

4 млн теңге сыйақы беріледі: жас ақын-жазушыларға арналған байқау өтеді

4 млн теңге сыйақы беріледі: жас ақын-жазушыларға арналған байқау өтеді
Фото: ҚР МСМ 03.08.2023 04:06 1210

Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
ҚР МСМ мәліметінше, байқауға барлығы 53 үміткердің құжаты қабылданды. Олардың ішінде 17 қатысушы – «Балалар әдебиеті» номинациясына, 9  – «Драматургия» номинациясына, 13 – «Поэзия» номинациясына, 14 қатысушы «Проза» номинациясы бойынша өтінім берді.
 
Қазіргі таңда барлық шығармалар сараптаманың бірінші кезеңінде, яғни әдеби сыйлықтың эксперттер комиссиясының қарауына ұсынылды. Туындылар эксперттердің қарауына авторы жасырынып, шифр бойынша таратылды. Яғни эксперттер тек шығарманы бағалайтын болады.
 
Сараптаманың екінші кезеңі тамыз айының екінші жартысына жоспарланып отыр. Әдеби сыйлық негізгі 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және «Арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау жыл соңына жоспарланған.

Жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдау, ынталандыру және насихаттау аса маңызды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған сыйлықты еліміздің рухани ортасы жылы қабылдады. Салыстырмалы тұрғыда басқа номинацияларға қарағанда «Балалар әдебиеті» бағытына көбірек шығарма түскені негізгі мақсаттарымыздың біріне қол жеткізгеніміз деуге болады. Бүгін жас қаламгерлерге жасалған қолдау, ертең үлкен жазушылардың қалыптасуына септігін тигізетіні анық, - деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға