Жаңалықтар

4 млн теңге. Павлодарда алимент төлемеген әке жауапкершілікке тартылды

Белгілі болғандай борышкер Рессей Федерациясының азаматы.
4 млн теңге. Павлодарда алимент төлемеген әке жауапкершілікке тартылды
Фото: ашық дереккөз 12.10.2022 08:26 1702

Павлодар облысы әділет департаментінің мәліметіне қарағанда, ол 2017 жылдан бастап іздеуде болған, деп хабарлайды EL.KZ.

12 қыркүйек күні мемлекеттік сот орындаушыға борышкерге қатысты атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы жеке сот орындаушының ұсынысы түсті. Белгілі болғандай борышкер Рессей Федерациясының азаматы.

Атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарау барысында, борышкерге қатысты 2016 жылы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды. Ал 2017 жылдан бастап ұзақ уақыт бойы іздестіруде болған. Сонымен қатар борышкерге ҚР шығуға тиым салынды. 2022 жылдың 1 қыркүйекіндегі алимент бойынша оның берешегі 4 178 446 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Көрсетілген фактілерді ескере отырып, 10 қазан күні мемлекеттік сот орындаушысы борышкер әкеге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзышылық туралы хаттамасы толтырды.

Аталған хаттама сотпен қаралып, соттың қаулысымен  әкімшілік құқық бұзышылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып ол екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға