Жаңалықтар

34 жастағы Әлішер Сатыбалдиев лауазымды қызметке тағайындалды

34 жастағы Әлішер Сатыбалдиев лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 01.07.2024 12:54 335

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Әлішер Сатыбалдиев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Әлішер Сатыбалдиев 1990 жылы 19 ақпанда Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін, Халықаралық бизнес университетін (UIB), Maxwell School of Citizenship and Public Affairs (Executive Certificate of advanced study), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ бас маманы, кейін бөлім басшысы қызметінен бастады.

2016-2017 жылдары бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2017-2019 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2021 жылы «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасы аппаратының басшысы болып еңбек етті. 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Алматы индустриалды аймағы» ЖШС Бас директоры, Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға