Жаңалықтар

33 жастағы әйел пластикалық операциядан кейін қайтыс болды

33 жастағы әйел пластикалық операциядан кейін қайтыс болды
Фото: ©pixabay.com 18.06.2024 12:57 6676

Ресейдің Иркутск қаласында 33 жастағы тұрғыны пластикалық хирургияға анестезия енгізгеннен кейін комаға түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Әйел ақылы клиникаларының біріне жоспарлы хирургиялық пластикалық операция жасатпақ болған.

Анестезияға арналған препараттарды енгізген кезде оның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсіп, көп өтпей қайтыс болған.

Тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға