Жаңалықтар

31 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Көрсетілімдерді Youtube, Facebook-те қарауға болады
31 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: pixabay.com 30.08.2022 21:16 1054

El.kz порталы 31 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді.
Тақырыбы: «Мәдениет және өнер саласындағы ЖОО дамыту және профессорлық-оқытушылық құрамның айлығын көтеру».
Спикерлер: Мәдениет комитетінің төрайымы Кәрібжанова Роза Самидоллақызы; Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызы; Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
15.00-де Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде II Түрік қағандығының негізін қалаған Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы жайлы баспасөз конференциясы жоспарланған.
Спикерлер: Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті; Нәпіл Базылхан, Халықаралық түркі академиясының ғылыми қызметкері; Энхтөр Алтангэрэлийнп, Моңғолия ғылым академиясы тарих, археология институты ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
15.00-де Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Су ресурстары комитеті «Қазақстанның Су кодексінің жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қоғамдық талқылау жөнінде Zoom конференция өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға