Жаңалықтар

30 жылда Қазақстаннан 200 млрд доллар сыртқа шығарылған

30 жылда Қазақстаннан 200 млрд доллар сыртқа шығарылған
Фото: © El.kz/Арман Мухатов 27.09.2023 13:20 1834

30 жыл ішінде Қазақстаннан 200 млрд АҚШ доллары сыртқа шығарылған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл – Ұлттық қордағы қаржыдан төрт еседей жоғары.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 837,4 миллиард теңге елге қайтарылған деген ақпарат жарияланғанын алға тартты.

Елге қайтқан қаржыны тек әлеуметтік нысандарға жұмсап қоймай, экономикалық жобаларға жататын - стратегиялық нысандарды аяғынан тұрғызуға, оның ішінде энергетика объектілерін салуға және тозығы жеткен жабдықтар мен желілерді жаңалауға жұмсау қажет. Өйткені энергетикалық нысандарымыздың қазіргі жағдайы сын көтермейді. Кейбір нысандарда тозу 100% жеткен, электр желілердің тозуы орташа есеппен 66% болып отыр. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, бюджет қаржыларын үнемдейді, ең бастысы, тарифті көтеріп халықты қинамаймыз! - деді депутат.

Еділ Жаңбыршин тағы да бір маңызды бағыт - ол жұмыссыздық белең алған өңірлерде жаңа кәсіпорындарды ашуға осы активтерді пайдалану керек екенін айтты.

Неге осы активтерді ішкі нарықта айналдырып, зауыт, фабрика салуға жұмсамасқа? Сол кезде өңдеу саласы дамиды, жергілікті құрылыс материалдарын шығарамыз, импорттық тауарлар мен қызметтерді өзімізде оқшаулаймыз, біліктілігі жоғары мамандарға сұраныс көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, өңірлердің салық базасы артады және басқа да мультипликативтік эффектке қол жеткіземіз, - деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға