Жаңалықтар

“30 өзбекстандық ұсталды”. Сарыағаш тұрғыны заңсыз көші-қон ұйымдастырған

“30 өзбекстандық ұсталды”. Сарыағаш тұрғыны заңсыз көші-қон ұйымдастырған
Фото: © Polisia.kz 02.11.2023 14:00 755

Сарыағашта заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан ер адамның үйінен 30 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан адамның қылмыстық әрекеттерін тоқтатты. Бұл бойынша полиция департаментінде өткен брифингте облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтып берді.

Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында полицейлер Өзбекстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткен жергілікті тұрғынды анықтадық. Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын, шекарадан кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған сәтінде ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден 2,5 миллион теңгеге жуық ақша, 2 телефон мен құжаттар тәркіленді. Сонымен қатар полицейлер тұрғынның жаздық үйін тексеру кезінде елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматын анықтады. Оларға ұсталған ер адам Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Құрманбек Сахов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға