Жаңалықтар

30 метр биіктен құлаған жасөспірім аман қалды

30 метр биіктен құлаған жасөспірім аман қалды
Фото: © Robin RUNCK / Alamy 14.08.2023 12:13 941

АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында Үлкен каньонның солтүстік бөлігіндегі 30 метр биіктен құлаған 13 жастағы жасөспірім аман қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы отбасымен бірге экскурсияға барған.

Жедел жәрдем бригадасына аяғы тайып кетіп жардан құлаған Уайатт Кауффманды құтқару үшін екі сағат қажет болған.

Оқи отырыңыз:

The Guardian мәліметінше, Уайатт тікұшақпен Лас-Вегастағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Оның омыртқасы тоғыз жерден сынып, көкбауыры жыртылған, қолы сынып, бас сүйегі зақымданған.

Өзгелер суретке түсіп алуы үшін шетке ығысайын деп шештім. Жүремнен отырып, бір қолыммен тасты ұстап алдым. Сол кезде қолым тайып кетіп, құлап бара жатқанымды білемін. Есімді жисам, бірде жедел жәрдем көлігінде, сонан соң ұшақта екенімді көрдім, - дейді Уайатт.

Әкесі баласының жардан құлап кеткенін телефон арқылы естіген. Ол кезде үйінде болған екен. Брайан Кауффманның сөзіне қарағанда, ұлы анасымен бірге экскурсияға аттанған.

Жасөспірім сенбі күні, 12 тамызда, ауруханадан шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға