30 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
17.03.2025 13:36
Фото:
pixabay.com
Қазгидромет 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына циклон ойпаты әсер етеді, онда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. ҚР бойынша тұман күтіледі.
Елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 3 аязға дейін төмендесе, күндіз 5-16 жылы көрсетеді, орталықта түнде 3 аяз, күндіз 5-20 жылы, елдің шығысында түнде 7 аяз, күндіз 3-16 жылы, батыста түнде 5 аяз, күндіз 5-18-ге дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 5-13, күндіз 22-30-ға дейін көтеріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

