Жаңалықтар

«+30 градус». Алдағы күндері ауа райы қандай болады

«+30 градус». Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©pixabay.com 15.04.2024 17:18 1656

«Қазгидромет» РМҚ мамандары алдағы күндерге арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр күтіледі, түнде солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн шуақты ауа-райы болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі сағаттарда найзағай күтіледі.

Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте ауа температурасы 22-30 градус жылыға дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды, тек республиканың шығысында түнде және күндіз температураның ауытқуы күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға