Жаңалықтар

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

Мүгедектерге МӘМС жүйесіндегі барлық медициналық көмек қолжетімді
3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні
Фото: gov.kz 03.12.2022 20:45 2323

3 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне жұртшылықтың назарын аудару және оларды интеграциялау, әлеуметтендіру және қажетті көлемде медициналық көмек алу мәселелерін шешу үшін БҰҰ қарарымен белгіленген Халықаралық мүгедектер күні атап өтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, бір миллиардтан астам адам, бұл әлем халқының шамамен 15%-ы, оның ішінде 100 миллионнан астамы балалар, мүгедектіктің қандай да бір түріне тап болады. 60 жастан асқан әлемдегі егде жастағы адамдардың жартысына жуығы уақытша немесе тұрақты мүгедектікке ұшырайды. 

Мүгедектерге МӘМС жүйесіндегі барлық медициналық көмек қолжетімді, ал бұл амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек: тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық тексерулер, бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильді бригаданың қызметтері; бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы, тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика; тізбе бойынша рәсімдер мен манипуляциялар.

Соңғы жылдары ағзаның жоғалған функцияларын қалпына келтіруге және мүгедектіктің алдын алуға бағытталған медициналық оңалту белсенді дамып келеді. Қазақстанда медициналық оңалтуды шамамен 637 денсаулық сақтау ұйымы, оның ішінде мемлекеттік – 380, жеке – 257, оның ішінде 76 оңалту орталықтары көрсетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға