«Қазгидромет» 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады.
Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі, оңтүстік-батысында найзағай соғады.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +15,+17°C, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

