egemen.kz

3 наурызда бұрқасын соғып, көктайғақ болады

03.03.2023 08:26

3 наурызда елдің бірқатар өңірінде жауын-шашын орын алып, жел, бұрқасын соғып, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сондай-ақ тұман түсіп, найзағай ойнауы мүмкін.

Ел аумағының басым бөлігіндегі күн райына атмосфералық фронталды учаскелердің өтуі әсер етеді.

Атлант циклонының да ықпалы бар. Соған байланысты жауын-шашын, оңтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Батыста жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашын болмайды, - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, батыста, шығыс пен орталықта бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ал оңтүстікте, батыс пен орталықта тұман түсіп, Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды.