©El.kz

-3 градус аяздан 22 градус жылыға дейін: елімізде ауа райы қандай болады

Қазан айында ауа райы құбылмалы болып тұр. Алматыда таңертең -3 °C аяз болса, келесі күні түске қарай +22 °C болды. Алдағы күндері де ел аумағында ауа райы күрт өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана:

Елордада алдағы үш күн бойы суық ауа райы сақталады.

16 қазан күні бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 14 метрге дейін күшейеді. Түнде -5…-7 °C, күндіз +7…+9 °C.

17 қазан да ашық болады, жел 5-10 м/с шамасында. Түнде -2…-4 °C, күндіз +7…+9 °C.

18 қазан күні кей жерлерде жаңбыр не қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Түнде 0…+2 °C, күндіз +7…+9 °C.

Алматы:

Оңтүстік астанада ауа райы жылы әрі жайлы болады.

16 қазан – түнде -1…-3 °C дейін үсік, күндіз +14…+16 °C.

17 қазан – ашық әрі жылы күн, түнде +6…+8 °C, күндіз +20…+22 °C.

18 қазан – алабұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +18…+20 °C.

Шымкент:

Оңтүстікте күн әлі де жылы.

16 қазан – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +25…+27 °C.

17 қазан – жылы әрі ашық күн. Түнде +10…+12 °C, күндіз +23…+25 °C.

18 қазан – жауын-шашынсыз, жел 13 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +10…+12 °C, күндіз +20…+22 °C.