29 сәуірден бастап атыраулық оқушылар офлайн оқиды
26.04.2024 23:08
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді. Сондай-ақ егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн форматта жалғастыра алады.
Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

