Жаңалықтар

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан қаласында ара-тұра найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с жетеді.
28 шілдеге арналған ауа райы болжамы
28.07.2022 07:38 1412

Қазгидромет 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Түркістан облысының солтүстігінде жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында – найзағай, күндіз шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады. Түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы  25 м/с жетуі ықтимал. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады. Kүндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 23 м/с артуы ықтимал.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, 30 шілдеде оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 28-30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 28 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға