28 жастағы қызылордалық үшемнің анасы атанды
Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
07.01.2024 12:22
1028
2023 жылдың 8 желтоқсан күні Қызылорда облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында еңбек етеді. Отбасында 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.
Сәбилердің салмағы – 1 830, 1 670, 1 200 грамм болды. Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.
Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға