28 ақпанға арналған ауа райы болжамы
EL.KZ Информационно-познавательный портал
28.02.2023 09:00
Фото:
El.kz
Қазгидромет синоптиктері 28 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді.
Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады.
Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.

