Жаңалықтар

27 қыркүйек кинопремьералары

Аптаның үздік кинопремьералары
27 қыркүйек кинопремьералары
27.09.2018 11:36 7033

Бүгін: Элай Роттың готикалық фэнтезиі, Тимур Бекмамбетовтың screenlife жанрындағы голливудтық жобасы, түрмеден қашқан Чарли Ханнэм, Сарик Андреасянның өмірден алынған драмасы, Мелисса МакКарти және маппеттер, «Аритмия» авторлары ұсынған драма және екі мульфильм.

«Тайна дома с часами» (The House with a Clock in Its Walls) – готикалық фэнтези-картина. Режиссер ретінде актерлігімен көбірек танымал Элай Рот жұмыс істеді. Актерлік құрамда Джек Блэк, Кейт Бланшетт, Кайл МакЛахлен секілді жұлдыздар бар.

Фильмге Джон Беллэйрстың романы арқау болған. Сюжетте көкесінің құпияға толы үйіне келген Льюстің есімді баланың басынан кешкен оқиғасы баяндалады. Оның осы үйге келгенде алғаш естігені - қабырғаға жасырылған сағаттың сыртылы еді. Ол бұған дейін көрмеген сиқыр мен дуаның әлеміне тап болады. Бұл жерде картиналарға жан бітіп, ғажап тіршілік иелері өмір сүреді, ал үйдің жүрегі уақыттың құпиясын сақтайды.

«Поиск» (Searching) – Тимур Бекмамбетов продюсер болған драма-триллер. Фильм оқиғасы компьютер мен басқа да гаджет экраны арқылы жеткізілетін screenlife деген жаңа жанрда жасалған.

Сюжет бойынша Дэвид Кимнің 16 жасар қызы із-түссіз жоғалып кетеді, ал полиция оны табуға асықпайды. Шындықтың түбіне жеткісі келген әке қызының компьютерін ақтара бастайды...

«Мотылек» (Papillon) – 1973 жылғы аттас фильмнің ремейкі. Оқиғасы өмірде болған адамның өміріне негізделген. Басты рөлде - Чарли Ханнэм.

Көбелек деген лақап аты бар алаяқ өзі жасамаған қылмыспен айыпталып, өмір бойы түрмеге қамалады. Алайда ол азат болуға деген үмітін жоғалтпайды.

«Непрощенный» - Ресей режиссер Сарик Андреасянның драмасы. Фильм өмірде болған оқиғаға сүйенген, оның үстіне бұл оқиға осыған дейін бір рет экрандалды. 2017 жылы шыққан, америкалық нұсқада («Последствия») Арнольд Шварценеггер ойнаған еді. Ал ресейлік нұсқада басты рөлді Дмитрий Нагиев сомдайды.

Виталий Калоев есімді инженер-құрылысшы бір күнде өзіне қымбат жандарынан айырылады. Әйелі мен балалары мінген ұшақ апатқа ұшырап, бәрі қаза табады. Апатқа кінәлі қызметкерге қатысты соттың шешімі әділ болмайды. Сонда Виталий әлгі диспетчерді өзі іздеп шығады...

«Игрушки для взрослых» (The Happytime Murders) – Мелисса МакКартидің қатысуымен түсірілген комедия-детектив. Маппеттер деп аталатын қуыршақтар туралы фильмдерді ұнатсаңыз – бұл да сол әлемнен.

Лос-Анджелес, адамдар мен Маппеттер деп аталатын қуыршақтар бір қоғамда өмір сүреді. Алайда көпшілік қуыршақтарға екінші сортты азаматтар деп қарайды. Жеке тергеуші болып қызмет атқаратын қуыршақтың бауырын өлтіріп кетеді. Ол әйел-полицейдің көмегімен қылмысты ашпақ болады.

«Сердце мира» - былтыр біраз талқыға түскен «Аритмия» авторлары ұсынған тағы бір драма. Фильм биыл «Кинотавр» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін алды.

Егор қиырда орналасқан аңшы иттер станциясында ветеринар болып істейді. Ол қолға түскен аңдарды да емдейді. Жануарлар әлемі - оның әлемі, өйткені аңдармен тіл табысу адамдарға қарағанда оған оңайға түседі. Егор станция иесі Николай Ивановичтің де отбасы мүшесіне айналғысы келеді. Сол үшін бәріне де дайын.

«Руби и Повелитель воды» (The Ladybug) – балаларға арналған Қытай мультфильмі.

Руб есімді қанқыз зертханада әйнек банкада өмір сүреді. Су әміршісі деген инелікпен бірге жұмбаққа толы әлемге саяхаттауды армандайды. Алайда ол жаққа тек сиқырлы үлкен құстың көмегімен ғана баруға болады. Арман қуған екі кейіпкерді түрлі қауіпті жәндіктермен шайқас күтіп тұр.

«Похитители носков» (Lichozrouti) – Чехиядан келген анимациялық картина.

Кейде шұлығымыздың бір сыңарын таба алмай қалып жатамыз. Сөйтсек бұл шұлықжебір деген кішкентай тіршілік иелерінің ісі екен. Олар барлық үйде бар және үйде ешкім жоқта немесе бәрі ұйықтап жатқанда неше түрлі қылық көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға