278,73 млн теңге: «Барыс» хоккейшілері қанша жалақы алатыны анықталды
Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы ҚХЛ-дағы барлық хоккейшілердің жалақы көлемін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде «Барыс» клубының ойыншылары да бар. Елорда клубының сапынан ең жоғары айлық Линден Вей мен Никита Михайлис алады – 278,73 млн теңгеден, Алекс Грант – 250,85 млн теңге, Майкл Шапю – 144,94 млн теңге, Крис Биграс, Юлиус Гудачек пен Энтони Луис – 139,36 млн теңгеден, Джесси Грэм – 128,21 млн теңге, Джереми Бракко – 122,64 млн теңге, Иван Мищенко мен Нельсон Ножье – 100,34 млн теңгеден, Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев – 72,47 млн теңге, Михаил Григорьев пен Кирилл Максимов – 55,75 млн теңгеден, Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов – 50,17 млн теңгеден, Никита Бояркин – 44,60 млн теңге, Егор Петухов пен Аркадий Шестаков – 33,45 млн теңгеден, Самат Данияр, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенко – 27,87 млн теңгеден, Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков пен Андрей Шутов – 22,30 млн теңгеден, Тамирлан Гайтамиров – 16,72 млн теңге.
Тізімге Аңсар Шайхмедденов пен Дінмұхамед Қайыржан секілді жас ойыншылар енбеген.
Басылым жариялаған хоккейшілердің жалақысын қосқанда 66,86 млрд теңге болады.