Жаңалықтар

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: NOEL CELIS 27.08.2022 05:35 1250

Қазгидромет 27 тамызға арналған ауа райы болжамы бойынша бірнеге өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 35 градус ыстық болады.

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 36 градус ыстық болады.

Павлодар облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезіндегі соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға