Түркістандық полицейлер тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келес аудандық ПБ-не брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады. Ұрылар 2,7 млн теңге шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ге жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.
"2,7 млн теңге шығын". Түркістанда ұрылар ер адамды тонап кеткен
Оқи отырыңыз
3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады30 Наурыз, 13:17
Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?12 Наурыз, 10:11
«Бірден камераға түсіріп, айыппұл салады». 12 наурыздан бастап не өзгереді?11 Наурыз, 18:45
Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады