Жаңалықтар

26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды

26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Фото: Pixabay 25.12.2024 19:51 221

Әзірбайжанда 26 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды, – делінген хабарламада.

Тиісті жарлыққа Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қол қойды.

Айта кетейік, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 25 желтоқсан күні Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Ресейден Бакуге оралды. Әлиев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ресейге барған. Президент қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Еліміздің Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға