«Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және күндіз орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, кей аймақтарда бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал. Тек оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республика көлемінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал солтүстік-батыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Ыстық ауа райы:
-
Жетісу және Алматы облыстарында күндіз ауа температурасы 35–39°С,
-
Жамбыл облысында 38–40°С,
-
Түркістан облысында 40–41°С,
-
Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 35–38°С-қа дейін ысиды.
Жекелеген аймақтарда аптап ыстық күшейе түседі:
-
Жетісу облысының солтүстік-батысы мен орталығында 40–42°С,
-
Алматы облысының батысы мен солтүстігінде 42°С,
-
Абай облысының оңтүстігінде 41°С аптап ыстық болады.
Өрт қаупі:
-
Жоғары өрт қаупі: Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай (батысы, шығысы), Солтүстік Қазақстан (батысы), Ақмола (шығысы), Павлодар (батысы, оңтүстігі, шығысы), Ақтөбе (солтүстік-батысы) облыстарында.
-
Төтенше өрт қаупі: Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстарында; Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында; Атырау (солтүстігі мен шығысы), Ақтөбе (оңтүстігі мен шығысы), Батыс Қазақстан (шығысы), Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

